“
«Оплодотворение» («Ұрықтану»)
Зитта Сұлтанбаева
Художественная Жизнь
Казахстана/
ред. Валерия Ибраева,
2001 11-18 б.
СЦСИ мұрағатынан
«Целинный» ЗМО
Documentation
цифрлық коллекциясы
Ойынға тән қуаныш қайда, жаңа шынайылық пен дерт қайда, егер осындай ойынға олар картаға қойылған көзір болса, олар шынымен бар ма? Біз аталған ойынның қалыптасқан қағидасы санайтын әрі өз бойымызға сіңіретін жалғандық сезімі осыдан туа ма? Әлде бұлар қияңда қалған Қазақстанның жоғалған кеңістігінде өздерінің жабайы пәктігін сақтаған провинциалдардың сезімі ме?
Кім қатал болса, сол адал ма? Ал мұндай фигуралар бір пайда болса, өзін өшіруге мүмкіндік бермейді. ...Кезінде қалыптасқан тәртіпке ерегескен Қанат [Ибрагимов] бәрін жеңіп, өзінің адамдық қасиетін танытты. Ол өзінің ішін ашып, бәрімізге көрсетті. Мұндай ешқашан ұмытылмайды. Бірақ судан құрғақ шығу оңай емес. Өзінің адамгершілігін құрбан ету арқылы ол “асқақ адам” болғысы келді.
Ербосын [Мелдібеков] сол зооморфтық «қалдықтармен» оңай ойнап, қатардағы қазақтың күнделікті өмірінде бар ол қалдықтарды қорқынышты астары бар нысанға айналдырды және осынау жаңарған архаика еуропалық ойлау тәсілімен икемді түрде астасып, гиперболалық түрде таңбаға, белгіге айналады.
Әңгіменің соңы бұл іспен ӨЛГІМІЗ КЕЛМЕГЕНІ ҮШІН АЙНАЛЫСАТЫНЫМЫЗДЫ айтумен тәмамдалды. Алмагүл Меңлібаеваның бұл сөзі көп нәрсені ұғындыра отырып, өз кімдігін іздеген өнерпаздар барда өнер өмір сүретініне сенім ұялататын серпінді білдіреді! СЦСИ өмір сүрген үш жылда өз ішіндегі өзіңе (өз-өзіңді анықтау) және өзіңнен басқаның әлеміне (коммуникация) деген айтарлықтай серпіліс пайда болды деп санаймын. Ізденістер әлі жалғасуда. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өмірге сәби келді. Ол жүріп, сөйлеп, жылап, күліп үйренеді. Жақында ол есейеді деп үміттеніміз әрі есейген сайын ешкімге ұқсамайтын өзіндік келбетке ие бола ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.
современный кочевник,
странствующий дервиш
стихийная «дикость»