«Азияның рухы»: сөздерде

Ардақ Мұқанова,
Әсел Рашидова, 
Ділдә Рамазан, 

2025

Мультимедиялық инсталляция, 
СЦСИ ифрлық мұрағатынан алынған 
мұрағаттық материалдар
(Сорос қоры-Алматы 
заманауи өнер орталығы)
«Целинный» ЗМО Documentation 
цифрлық коллекциясы  


 
Платформа 2000-шы жылдардың басында Қазақстандағы және шетелдегі әртүрлі басылымда жарияланған публицистік мәтіндерді біріктіреді. Олар Целинный цифрлаған СЗӨО* мұрағатында сақтаулы. Платформадағы мәтіндер іріктеліп, сол кезеңдегі өңірдің заманауи өнер тіліндегі еркін интерпретацияда, тілді таңбалайтын сөздер мен тіркестерге негізделе отырып ұсынылған.

Платформаның бас бетінде осы мақалалардағы сөздер мен кескіндерден құралған карта пайда болады. Сөздерді басуға болады – сол арқылы әр құжаттың скан-көшірмесі ашылады. Әр сканның жанына белгілі бір маңызды деректер мен дәйексөздер бөлек шығарылған. Барлығы 25 мәтін топтастырылған. Бұл журналистер, өнертанушылар мен өнерпаздар жазған шолу, рецензия, сын мақала, сұхбаттар.

Көрмеде диджитал-платформа мультимедиялық инсталляцияның бір бөлігі ретінде көрсетілген. Платформа физикалық мәтіндермен және тәуелсіз куратор әрі зерттеуші Ділдә Рамазанның сыни түсініктеме-пікірлерімен толықтырылған.

*Сорос-Алматы Қорының Заманауи Өнер Орталығы (СЗӨО) — көрмелерді, білім беру бағдарламаларын, мұрағат пен тақырыптық кітапхананы жинақтау арқылы заманауи өнерді дамытуға арналған алаң. Бұл Орталық Ашық Қоғам Институтының (Сорос Қоры) бағдарламалары шеңберінде құрылып, 1998 жылдан 2010 жылға дейін жұмыс жүргізді.

Авторлар мен мәтіндер: 

Төлеген Байтүкенов, «Взорвать башку» («Бас жару»)
Төлеген Байтүкенов, «Герой нашего племени» («Біздің тайпаның батыры»)
Дмитрий Барабанов, «Серебряная камера» («Күміс камера»)
Авторы белгісіз, «Нашествие с Востока» («Шығыс шапқыншылығы»)
Ольга Власенко, «Искусство terra incognita» («Тerra incognita өнері»)
Татьяна Дельцова, «Держать удар» («Соққыны ұстау»)
Ксения Евдокименко , «Здравствуй, родина» («Сәлем саған, туған ел!»)
Ксения Евдокименко, «Не люблю талантишки» («Таланатты сымақтарды жақтырмаймын»)
Қанат Ибрагимов, «Авангард приветствует Ленина» («Авангард Ленинді қарсы алады»)
Валерия Ибраева, «Культурное расследование в пользу народа Казахстана» («Қазақстан халқының пайдасына шешілетін мәдени тергеу»)
Валерия Ибраева, «Мы и они: идентичность и интеграция» («Біз және олар: кімдік пен интеграция»)
Юлия Кузнецова, «Чувство Азии» («Азия сезімі»)
Агния Левская, «Мама – загадочная Азия, папа – вечный Рим» («Ана - жұмбақ Азия, әке - мәңгілік Рим»)
Томас Макэвилли, Report from Central Asia: Video Comes to the ‘Stans («Орталық Азиядан репортаж: Бейне “Станс-қа” келеді»)
Әйгерім Мекішева, «Канат Ибрагимов – продавец идей, контрабандист» («Қанат Ибрагимов - идея сатушы, контрабандашы)
Аарон Молтон, The Tamerlane Syndrome: Art and Conflicts in Central Asia («Темірлан синдромы: Орталық Азиядағы өнер және қақтығыстар»)
Ася Нұриева, «Берегите художника» («Суретшіні сақтаңдар»)
Лариса Плетникова, «В ожидании лучшей жизни» («Жақсы өмірді күту»)
Юлия Сорокина , «Неистовый Ербол» («Қаһарлы Ербол»)
Зитта Сұлтанбаева, «Восток есть Восток» («Шығыстың аты Шығыс»)
Зитта Сұлтанбаева, «Оплодотворение» («Ұрықтану»)
Саида Сүлеева, «Земля нормальных людей» («Қалыпты адамдардың жері»)
Вальдемар Янушчак, The grooviest show on earth («Жер бетіндегі ең күшті шоу»)
«Внутренняя Азия» («Ішкі Азия») көрмесіне арналған флаер, «Валенсия» галереясы, Санкт-Петербург
ZITABL Miss Asia 2002 перформансына арналған материалдар