«Мама – загадочная Азия,
папа – вечный Рим»
(«Ана - жұмбақ Азия,
әке - мәңгілік Рим»)

Агния Левская

Эксперт Казахстан №43, 
19-25 қараша 2007
42-43 бб.

СЦСИ мұрағатынан
«Целинный” ЗМО 
Documentation 
цифрлық коллекциясы 

[Қызыл трактор] тобының идеясы – перформанстардағы, инсталляциялар мен бейнелердегі шығыс мистигінің стереотиптік образын заманауи өнер арқылы түсіну және деконструкциялау.

«Біз - жабайымыз, және өркениеттің осы кереметтерінің бәрі біз - дәруіштер үшін жаңа әлем. Әлем - әсем, еліктіргіш әрі белгісіз. Жалпы батыстық кез келген дүниеге бас ию бойымда үнемі ала-құла сезім тудыратын. Бір шетінен - мақұлдау, екінші шетінен - ұят. Ол әлемнен алатынымызды алып, бірақ теңдей құнмен қайтарып бере алмайтынымызды ұят деп санайтынмын. Демек, қарызға аламыз деген сөз. Осы жағдайға қанағаттансақ, кімге қарыз төлеуіміз керек?» - деп есептейді Саид. «Дұға» композициясы осылай дүниеге келген. Онда жайнамаздың орнына америкалық туға бас иген дәруіш бейнеленген.